• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбелік өрендер LEGO-дан Димаштың портретін жасады

Олар әншінің суретін салу үшін 1 аптадай еңбектенген.
Ақтөбелік өрендер LEGO-дан Димаштың портретін жасады
Ақтөбе облысы әкімдігінің фотосы

Ақтөбелік оқушылар әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің портретін LEGO-дан жасады. Өрендер портрет жасау үшін бір аптадай еңбектенген. Олар үш мыңға жуық LEGO бөлшегін қолданған. Туындының авторы Бейбарыс Амангелдіұлы мен Жасмин Жұмагелдіқызы. Олар "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында салынған №82 жалпы орта білім беретін мектепте оқиды.

Өнерпаздар туындыларын халықаралық балалар күніне орай ұйымдастырылған "Балалық шақ-бақыт мекені" атты мерекелік іс-шарада таныстырды. Мерекелік жиын өнер орталығында өтті.

Аймақ басшысы оқушылардың еңбегін атап өтіп, олардың жұмысына жоғары баға берді.

Главный баннер --> after article