• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Атырау қаласының әкімі тағайындалды

Данияр Таханов – Атырау қаласының әкімі.
Атырау қаласының әкімі тағайындалды
Атырау қаласы әкімдігінің фотосы

Атырау қаласының әкімі тағайындалды. Шаһарды Данияр Таханов басқарады. Жаңа басшының тағайындалғанын Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Данияр Тахановты облыс әкімі Болат Ақшолақов таныстырды. Аймақ басшысы шенеунікке халықты толғандырған мәселелерді шешуге, жұмыспен қамту, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, кәріз және электрмен қамту жүйесін жаңғырту, жылыту науқанын, апатты үйде тұратын тұрғындарды көшіруге, қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етуді тапсырды.

Атырау шаһарының басшысы Бейжіңде Қытай мұнай университетінің«Өндірістік-коммерциялық басқару» және «Өндірістік экономика» мамандықтары бойынша білім алған. «Болашақ» білім беру бағдарламасының түлегі. Ол инженер, «Орал» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясында директордың орынбасары, компания директоры болып қызмет атқарған. 2022 жылдан бастап, күні бүгінге дейін «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясын басқарған.

Атырау қаласын бұған дейін Шәкір Кейкін басқарды. Ол 2026 жылдың қыркүйегінде өз еркімен қызметінен кетті.