Атырауда жетім балаларды баспана кезегіне қоймаған
Атырау қаласының прокуратурасы 200-ден астам кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғады.

Атырау қаласының прокурорлары кәмелекет толмаған балалалардың құқығын қорғады. Тексеріс нәтижесінде 24 қызметкер жауапкершілікке тартылды. Заң бұзғандардың ішінде әкімдік қызметкерлері мен тәртіп сақшылары бар. Мысалы, полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмағандарға қатысты заңды қорғаушысы қасында болмаса да, әкімшілік хаттама толтырғаны анықталды. Прокурорлар наразылығының арқасында 197 хаттаманың күші жойылыпты.
Тексеріс нәтижесінде Атырауда мүгедектігі бар бүлдіршіндерге жәрдемақы төленбегені анықталды. Сондай-ақ, жетімдердің де құқығы аяққа тапталыпты. Жетім балалар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін баспана кезегіне қойылмаған. Прокурорлық қадағалаудың актілері неізінде үш бала үй кезегіне тұрғызылып, жеті мүгедектігі бар кәмелетке толмағанға жәрдемақы төленген.
Атырау қаласының прокурорларының тексерісі нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсау мен есірткіні насихаттайтын 85-тен астам интернет сайтты, чат пен әлеуметтік парақшалар бұғатталды.