Бағдагүл емші бастаған TikTok қолданушылары продюсер Баян Мақсатқызына қатысты пікірін қайта білдіріп, желіде тағы да қызу талқылау тудырды, деп хабарлайды Мой Город.
Желі қолданушыларының бірі емшіге үн қатып, әншінің концертіне бойкот жариялау арқылы оны “үйден шықпайтындай жағдайға жеткізу” туралы ұсыныс айтқан.
"Сіз мына Баян Мақсатқызымен күресіп жатырсыз ғой. Қазір біз барлығымыз концертке бойкот жариялап, Баянды үйінен шыға алмайтындай етсек", - дейді желі қолданушысы емшіге.
Бағдагүл сынықшы бұл ойға қатысты мұндай қадамға әлі ерте екенін жеткізген.
"Үйінен шығармайтындай жағдайға жеткізу әлі ерте. Ол жағдайға балаларды дайындап қойдым. Әзірге бұл қатынның түзелгенін күтемін. Қазір бетімен кеткен қатын көп", - деп жауап берді емші.
Ол жағдайдың бұлай ушыққанын құп көрмейтінін айтып, әзірге күту қажет екенін алға тартқан.