• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да 4 шағын мектептің ғимараты пайдалануға берілді

Шағын мектептер Тасқала, Ақжайық, Бәйтерек ауданында бой түзеді.
БҚО-да 4 шағын мектептің ғимараты пайдалануға берілді
Фото видеодан стоп кадр

Білім күнінде аймақта төрт шағын мектептің ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа ғимарат Ақжайық, Тасқала, Бәйтерек ауданына қарасты ауылдарда бой түзеді. Облыстық білім басқармасының таратқан ақпарына сүйенсек, Бәйтерек ауданына қарасты Озерный мектебінде 108 балаға арналған мектеп, Тасқаланың Айнабұлақ ауылында 60 орындық және Ақжайық ауданының Үштөбе мен Кеңсуат ауылының мектебі бар.  

Ауыл тұрғындары бұл күнді көп күтті. Шағын мектептердің ғимаратының тозығы жетіп, шатырынан су кетті. Жаңа мектептің ғимараты оқушының толыққанды білім алуы үшін бар жағдай жасалған. Оқу ордасында арнайы кабинеттер жасақталып, спорт зал, мәжіліс залы бар.

Главный баннер

Кеңсуат ауылында бой түзеген мектеп 60 орынға жабдықталған. Ғимаратты КПО компаниясының әлеуметтік міндеттемесі аясында салынды. Жоба құны 1,4 миллиард теңге құрайды. Білім ордасында он оқу кабинеті, екі шеберхана, кітапхана, мәжіліс және спорт залдары, асхана бар. Жаңа оқу жылында 53 оқушы білім алады. Оларға 17 мұғалім сабақ береді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Батыс Қазақстан облысында сегіз мектептің құрылысы аяқталды. Оқу жылы қарсаңында Қаратөбе, Сырым, Жәнібек ауданының орталығы Алма Оразбаева және Ұзынкөл ауылынды мектептердің ғимараты пайдалануға берілді.

Главный баннер --> after article