• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да Астана күніне орай ХҚКО жұмыс кестесіне өзгерістер енді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының БҚО филалы халыққа қызмет көрсететін орталықтардың жұмыс кестесін жариялады.
БҚО-да Астана күніне орай ХҚКО жұмыс кестесіне өзгерістер енді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Алтыншы шілдеде қазақстандықтар Астана күнін тойлайды. Мерекеге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысының филиалы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесін жариялады.

Филиалдың таратқан ақпарына сүйенсек, орталықтар алтыншы шілдеде жұмыс істемейді. Ал, сенбі күні төртінші шілдеде кезекші халыққа қызмет көрсету орталығы таңғы сағат 9:00-ден түскі 13:00-ге дейін жұмыс істейді.  Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін тапсырып,  дайын құжаттарды беру сағат 13:00-ге дейін алып кетуге болады.

—Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram-дағы ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 байланыс орталығы арқылы білуге болады, — деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының БҚО филиалы. 

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында кезекші халыққа қызмет көрсету орталығы Орал қаласы Исатай-Махамбет көшесі 84 мекендайында жұмыс істейді. 

Главный баннер --> after article