• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да қызылшаға қарсы вакцинаны сатып алу үшін 3 млн теңге жұмсалды

Күні бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысында 304 адам қызылшамен ауырған.
БҚО-да қызылшаға қарсы вакцинаны сатып алу үшін 3 млн теңге жұмсалды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында қызылшаға қарсы екпені сатып алу үшін үш миллион теңге жұмсалған. Күні бүгінге дейін облыста осы дертке қарсы вакцина қоры жеткілікті, деп Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Өткенде «Мой город» редакциясы Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына өңірде қызылша дертіне шалдыққан науқастар мен олардың жағдайы жайлы ресми сауал жолдаған еді. Басқарма жолдаған жауабына сүйенсек, қазіргі таңда қызылшамен ауырып, аурухана кереуетіне танылған науқастар жоқ. Олардың барлығы тиісті ем-домын алып, үйіне шыққан.

Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің таратқан ақпарына сүйенсек, өңірде жыл басынан бері 304 адам қызылшамен науқастаныпты. Науқастардың 252-сі балалар екен. Сала мамандары қызылшамен ауырған жандардың 90 пайызы жұқпалы дертке қарсы екпе салдырмағанын хабарлады.

Жұқпалы індетке қарсы екпе Қазақстан Республикасының егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлы екпе 1 мен 6 жастағы балаға салынады. Басқарма қызылшаға қосымша 2579 бала егілгенін хабарлады.Биылғы жылдың он айында 1 жастағы 8450 бала, алты жасар 9882 бүлдіршінге екпе салынған.

— Қызылшаға қарсы профилактикалық екпе жасау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қатаң талаптарынан өткен  Үндістан елінде өндірілген сапалы вакцина қолданылады.Екпеден кейін асқыну жағдайлары болған жоқ, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы.

Қызылша– бұл вирустық жұқпалы ауру. Науқастың дене қызуының көтеріліп, жөтел, мұрыннан су ағу, көздің қызаруы, жас ағу, ауыз қуысының ішінде ақ дақтардың пайда болуы мүмкін. Дерттің 3-4 күнінде беттен бастап денеге біртіндеп бөртпелер пайда болады. Дәрігерлер мұндай белгілер болса, бірден медициналық көмекке жүгініп, өз бетінше емделуге болмайды деп ескертеді.