• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да тұмауға қарсы вакцинаны сатып алу үшін 68,9 млн жұмсалды

Тұмауға қарсы екпе егу науқаны 6 қазанда басталды. Бір күнде 1073 адам вакцина салдырған.
БҚО-да тұмауға қарсы вакцинаны сатып алу үшін 68,9 млн жұмсалды
Сурет "ЖИ" (chatgpt) көмегімен жасалды

Батыс Қазақстан облысында тұмауға қарсы вакцина егу науқаны алтыншы қазанда басталды. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің таратқан ақпарына сүйенсек, бір күнде екпені 1073 адам алған.

Жыл сайын тұмауға қарсы екпе егу науқаны бірінші қазаннан басталатын еді. Биыл вакцина салу ісі алты тәулікке кешеуілдеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2026 жылғы жоспарға сәйкес екпе егу науқаны алтыншы қазанда басталды, деп хабарлады.

Биыл тұмауға қарсы екпені сатып алу үшін бюджеттен 68 937 040 теңге қаражат жұмсалған. Қыруар қаржыға 68 мың екпе сатып алынған.

Биыл да тұрғындарға тұмауға қарсы "Грипол+" екпесін салмақ. Екпе Ресейдің өнімі.