• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да «Жынды екенсіз ғой» деген шенеунік тәртіптік жазаға тартылды

Әдеп жөнінде кеңесте Казталов ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Мұханбетованың тәртіптік ісі қаралды.
БҚО-да «Жынды екенсіз ғой» деген шенеунік тәртіптік жазаға тартылды
Автордың фотосы

Әдеп жөніндегі кезекті отырысында "Жынды екенсіз ғой" деп қол астындағы қызметкеріне дөрекі сөйлеген шенеуніктің тәртіптік ісі қаралды. Бұлай деп Казталов ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдана Мұханбетова бөлімнің бас маманы Нигметоваға айтқан. Бас маман әдеп кеңесіне шағымданыпты. 

- Бөлім басшысы Мұханбетова қызметтік міндеттерін орындау барысында 2026 жылдың 30 маусымда арызданушы Нигметова тарапынан "Сіз өз қателігіңізді түзетудің орнына, маған дауыс көтеріп, мынандай сөзді қалай айтып тұрсыз? Жынды екенсіз ғой",деп айтылған. Департаментке өз түсініктемесінде ұсынған Мұханбетова өзі жоғарыда көрсетілген сөздерді айтқанын мойындады, - деді Мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Мөлдір Серикова.

Главный баннер

Кеңесте ішкі саясат бөлімінің басшысы "Жынды екенсіз ғой" деген сөзін таңданыстан айттым деп мәлімдеді. Бөлім басшысы бұл сөзін линвистикалық сараптамалардан өткізіп, жынды деген сөздің "Абай жолы" мен "Гауһартас" шығармасында барын тілге тиек етті.

- Лауазымдық нұсқаулығына сәйкес бас маман Нигметовада бөлімнің кадрлық жұмысын жүргізу жүктелген. Ағымдағы жылдың 30 маусымында Нигметова өзінің еңбек демалысын пайдаланылмаған бөлігін беру туралы бұйрық жобасын қол қоюға ұсынды. Алайда Нигметова ұсынған құжат Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қызмет туралы заңнамасының кадрлық іс-жүргізуге қойылатын талаптары нормаларына сәйкес рәсімделмеген болатын. Осыған байланысты құжаттың қате тұстарын көрсетіп, қаламсаппен бірнеше түзеп бердім. Және оның заң талаптарына сәйкес рәсімделу тәртібін жан-жақты түсіндірдім. Соған қарамастан түзетуге қайтарылған құжаттарда бұрын көрсетілген қателіктер қайтадан қайталанып, олар бірнеше мәрте қате рәсімделіп, қайталанып ұсынылды маған. Соңғы кіргенде мен құжаттардың бірнеше рет қате рәсімделуін дұрыс еместігін, оларды алғаш ұсынған кезде заң талаптарына сәйкес әзірлеуге түсіндірдім де, жұмыс компьютеріне барып, бұйрықты өзім реттеп, заңдастырып, тек шығарып келуін тапсырдым. Осы кезде Нигметова аталған құжатты алып келді. Қол қойып бердім де өзіне бердім. Сол кезде Нигметова дауысын көтеріп, бірнеше жас үлкен екенін алға тартып, менің оны бірнеше рет түзетуге ұялмайтынымды айтып, қызметтік әдеп пен субординация талаптарын сақтамай сөйледі маған. Мұндай жағдайды күтпегендіктен, таңырқап мен «Сіз өз қателігіңізді түзетудің орнына маған дауыс көтеріп, мынандай сөзді қалай айтып тұрсыз? Жынды екенсіз ғой» деген айтып қалғанымды жоққа шығармаймын, - деді Айдана Ғабитқызы.

Бас маман мен бөлім басшысының арасындағы дау-дамай біраз уақыт бұрын басталған ұқсайды. Айдана Ғабитқызы бір жыл бұрын бас маманды жұмысқа қабылдапты. Бөлім басшысы қол астындағы қызметкерінің бірнеше мәрте жұмыс барысында ағаттық жібергенін де жасырмады. Бірақ қағаз жүзінде ескерту не өзге де тәртіптік жазаға тартпапты. Тек ауызша ескертумен шектелген.

- Арызданушы Нигметова жұмысқа қабылданған күннен бастап өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау барысында бірнеше рет кемшіліктерге жол беріп келеді. Осы уақытқа дейін аталған кемшіліктер бойынша тәртіптік жаза қолданылған жоқ. Қызметтік міндеттерді дұрыс орындау мақсатында бірнеше мәрте ауызша ескертулер беріліп, түсіндіру және оқыту жұмыстары тұрақты түрде көрсетілді. Атап айтқанда бөлімге келіп түскен хаттарды УДО ақпараттық жүйеде қабылдау, зерделеу, орындаушыларға жолдау және белгіленген мерзімде жауап әзірлеу тәртібі жеке түсіндіріліп, практикалық түрде оқыды, - деді Казталов ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы.

Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы бөлім басшысының арыз жазған Нигметоваға берген мінездемесін аяғына тыңдамай, болған жайт жайлы ғана айтуды сұрады.

Жиынның қорытындысы бойынша қызметкеріне "Жынды екенсіз ғой" деген мемлекеттік қызметкер Айдана Мұханбетова ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.

БҚО-да азаматтарды боқтаған мемлекеттік қызметшілер жауапқа тартылды

БҚО-да мемлекеттік қызметшілер бейәдеп сөз айтқаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Главный баннер --> after article