БҚО-да 2180 жұмысшының еңбек құқығы қорғалды
БҚО-да прокурорлар 2180 қызметкердің еңбек құқығын қорғады.

Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы өңірде екі мыңнан астам қызметкердің еңбек құқығын қорғадық деп хабарлады. Ұжымдық шарттағы олқылықтар түзетіліпті.
Тексерісті Тасқала ауданының прокурорлары ұйымдастырған. Олар әлеуметтік салада еңбектеніп жүрген мұғалімдер, дәрігер мен өзге де маңызды салалардың қызметкерлерімен еңбек шартын жасаған кезде әлеуметтік кепілдіктер ескерілмегені анықталыпты. Заң бұзушылықтар қызметкерлердің демалу құқығын шектеп, еңбек жағдайының нашарлауына әкеліп соғу мүмкін екен. Прокурорлар ұжымдық шарттарды заң талаптарына сай түзетті. Соның арқасында қызметкерлер барлық тиісті әлеуметтік демалыстар мен жеңілдіктерге қол жеткізген.