Медицина ғылымдарының докторы, инфекционист дәрігер Динагүл Баешева сапасыз екпе деген тұрғындардың пікіріне қатысты мәлімдеме жасады. Дәрігердің мәлімдемесін Денсаулық сақтау министрлігі жеткізді. Екпеге сенім артпаған жандар, оның сапасында сынап жатады. Кейбір ата-аналар "Қазақстанға ең арзан әрі сапасы төмен вакциналар келеді" деп алайды. Инфекционист дәрігер бұл пікірдің шындыққа жанаспайды деп айтады.
- Қазақстанға сапасы төмен вакциналар келмейді. Оның ешқандай дәлелі жоқ. Айта кетсек, қызылшаға қарсы екпені алсақ Үндістаннан түскен. Ол екпені миллиардтаған бала алды. Есіңізде болса, 2024 жылы осы қызылшаның өршуіне байланысты бір жарым миллион бала екпе алды. Оның ішінде ешбір асқыну, ешбір жанама әсері болған жоқ, - деді Динагүл Баешева.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева вакцинаның аутизм тудырмайды деп мәлімдеген еді.