13 марта в 07:52

Еще одна важная веха в развитии проекта КГПЗ

Еще одна важная веха в развитии проекта КГПЗ

г. Аксай, 03 марта 2025 г. – Компания «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (КПО) и ее акционеры рады объявить о начале очередного этапа в подготовке проекта Карачаганакского газоперерабатывающего завода (КГПЗ) мощностью 4 млрд. м3 в год: консорциум, под руководством компании Hyundai Engineering Co., приступает к подготовительным инженерно-техническим работам. 

Проект КГПЗ является стратегической инициативой, имеющей важное значение для энергообеспечения Казахстана и долгосрочной производственной деятельности компании KПO. Это подтверждает намерение акционеров компании КПО всемерно содействовать развитию энергетического сектора Казахстана, а также обеспечить экономический рост и долговременную пользу для всех заинтересованных сторон.

Компания KПO и ее акционеры настроены на тесное сотрудничество с Республикой Казахстан в плане дальнейшего изучения всех параметров, необходимых для экономической оценки проекта KГПЗ.

_______________________________________________________

 

ҚГӨЗ жобасын дамыту жолында тағы бір маңызды белес бағындырылды

Ақсай қаласы, 2025 жылғы 3 наурыз – «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы (КПО) және оның акционерлері қуаттылығы жылына 4 млрд м3 құрайтын Қарашығанақ газ өңдеу зауытының (ҚГӨЗ) жобасын дайындау жолындағы кезекті кезеңнің басталғаны туралы қуана хабарлайды: Hyundai Engineering Co. компаниясы жетекшілік ететін консорциум дайындық инженерлік жұмыстарына кіріскелі жатыр.

ҚГӨЗ жобасы – Қазақстанды энергиямен қамтамасыз ету тұрғысынан және КПО компаниясының ұзақ мерзімді өндірістік қызметі үшін маңызы зор стратегиялық бастама. Бұл КПО компаниясының акционерлерінің Қазақстанның энергетикалық саласын дамытуға барынша қолдау көрсетуге, сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың экономикалық өсуін және ұзақ мерзімді пайда табуын қамтамасыз етуге деген ұмтылысын растайды.

КПО компаниясы және оның акционерлері ҚГӨЗ жобасын экономикалық бағалау үшін қажетті барлық параметрлерді одан әрі зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасымен тығыз ынтымақтастық орнатуға ниетті.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp