• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Халыққа қызмет көрсету орталығында жаңа сервис іске қосылды

Оралдықтар онлайн режимде кезектің қалай жылжып жатырғанын бақылауға болады.
Халыққа қызмет көрсету орталығында жаңа сервис іске қосылды
"Азаматтарға арналған үкімет" МК" БҚО филиалының баспасөз қызметінің фотосы

Халыққа қызмет көрсету орталығында жаңа сервис іске қосылды. Жаңашылдықтың арқасында тұрғындар кезектің қалай жылжып отырғанын көруге болады. Жаңа қызмет жайлы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы филиалының баспасөз қызметі.

— Жаңа «Онлайн-табло» сервисі таңдалған ХҚКО-да қазіргі уақытта қай талон нөміріне қызмет көрсетіліп жатқанын көруге және келу уақытын алдын ала есептеуге мүмкіндік береді. Бұл күту уақытын қысқартып, мемлекеттік қызметтерді алуды барынша ыңғайлы етеді, – деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ баспасөз қызметі.

Главный баннер

Сервисті пайдалану жолы:

  • «ЦОН» мобильді қосымшасын ашыңыз;
  • «Онлайн-табло» бөліміне өтіңіз;
  • қажетті Халыққа қызмет көрсету орталығын таңдаңыз;
  • электрондық кезектің ағымдағы нөмірін нақты уақыт режимінде бақылаңыз.

Сервис «ЦОН» мобильді қосымшасында қолжетімді.

Главный баннер --> after article