Ақтөбеде қалғып кеткен тұрғын телефонын қағылды. Облыстық полиция департаментінің таратқан ақпарына сүйенсек, оқиға шаһардың бір дәмханасында болған. Зардап шеккен адам ащы судан ұрттап, үстелдің басында ұйықтап кеткен. Осы сәтті пайдаланған баукеспе ұялы телефонды қолды қылып, табанын жалтыратқан.
— Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді, – деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда телефонды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп, оқиғаның мән-жайы анықталуда екен.
Биыл Ақтөбе облысында 117 телефон ұрлығы тіркеліпті.
Тәртіп сақшылары ұялы телефонды ұрлатып алмас үшін сақ болуға шақырады.