• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да 9515 бала бірінші сыныпқа қабылданды

Облыстық білім басқармасы биыл бірінші сыныпқа 11689 баланың алғаш мектеп табалдырығын аттайтынын хабарлады.
БҚО-да 9515 бала бірінші сыныпқа қабылданды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Күні бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысында 9515 бала бірінші сыныпқа қабылданды. Облыстық білім басқармасы биыл өңірде 11 мыңнан астам баланың алғаш мектеп табалдырығын аттайтынын хабарлады. Бірінші сыныпқа құжат тапсырған балалардың 77,5 пайызы қазақ тілінде оқуды таңдапты. Тек 2139 батысқазақстандық сәби орыс тілінде білім алуға ниетті екенін көрсеткен.

Биыл жаңа өзгерістерге сәйкес құжат қабылдау 27 мамырда басталды. Ата-ана перзентінің құжаттарын электронды үкімет порталы немесе тікелей білім беру ұйымдарына тапсыра алады.

Главный баннер

- Биылғы жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық сыныптарында білім алған және осы мектепте оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар ата-анасының (заңды өкілінің) жазбаша өтініші негізінде автоматты түрде қағаз нұсқада өтініш негізінде 1-сыныпқа қабылданады. Ал мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленген балалар белгіленген құжаттар топтамасын ұсынады, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бірінші сыныпқа құжат тапсыру науқаны 31 тамызда аяқталады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Бөрлі ауданында 800-ден астам бала бірінші сыныпқа қабылданыпты. 

Главный баннер --> after article