Оралда Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының ғимараты үш жыл бұрын күрделі жөндеуге жабылды. Ғимараттың жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Ғимарат 2023 жылы жөндеуге жабылған еді. Алғашында жергілікті "Өркен сервис" компаниясы тендерді ұтып алды. Ол мердігер ғимараттың шатырын алмастырды. Театр ғимараты архитектуралық ғимарат тізіміне кіргендіктен, компанияның тиісті лицензиясы болмай, тапсырыс беруші тарап пен мердігер соттасты. Кейін, жөндеу жұмыстарына лицензиясы бар алматылық "Күмбез" ЖШС кірісті. Жөндеу жұмыстары 2 миллиард 160 миллион теңгені құрады.
Жыл басында күрделі жөндеу наурызда, кейін маусымда, тамызда ашылады деп хабарлаған еді. Бірақ межелі уақыт өтсе де әлі ғимарат пайдалануға берілмеді.
Оралдықтарды толғандырған сауалды театр директоры мен облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мамандарына да хабарластық. Бірақ сала мамандары ғимаратқа қатысты мардымды жауап бермеді. Театр ғимаратының жөндеуі жайлы сұрақты Батыс Қазақстан облысы әкімдігіне жібердік. Әкімдік жауабын міндетті түрде жариялаймыз.