Оралда Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының ғимаратының жөндеу жұмыстары 80 пайызға аяқталыпты. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Әкімдік таратқан ақпаратқа сүйенсек, театр ғимараты маусымда ашылмақшы. Бұған дейін театр басшылығы мен мердігер компания жөндеу жұмыстарын наурыздың аяғында аяқтап, 27 наурызда ресми ашылады деп хабарлаған еді. Алайда, бізге беймәлім себеппен жөндеу жұмыстары маусымға дейін ұзартылған.

Естеріңізге сала кетейік, Оралда Хадиша театрының ғимараты үш жыл бұрын жөндеуге жабылды. Мәдениет ошағын екінші мердігер жөндеп жатыр. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарын алматылық «Күмбез» компаниясы орындап жатыр. Мәдениет ошағының жөндеу жұмыстары 2 миллиард 160 миллион теңгені құрайды.

Хадиша театрының ғимараты қашан ашылады?