• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанда қой еті 4,7 пайызға қымбаттаған

Ұлттық статистика бюросы мамыр айындағы инфляцияны жария етті.
Қазақстанда қой еті 4,7 пайызға қымбаттаған
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Еліміздің Ұлттық статистика бюросы мамыр айындағы инфляцияны жария етті. Мамырда елдегі қымбатшылық 0,7 пайызға артқан. Ал, жылдық мәнде мамырдың инфляциясы 10,4 пайызды құрапты.

Ұлттық статистика бюросы азық-түлік тауарларының бағасы 0,4 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 0,6 пайыз, ал ақылы қызметтер 1,1% өскен.

– Бағаның өсуі байқалды: қой еті 4,7%, сиыр бауыры мен майдағы шпроттар 3,3%, алма 3,1%, шұжық 1,7%, ішетін сүт 1,1%, жұмыртқа 0,6% және айран 0,4% қымбаттады, – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Азық-түлік өнімдері арасында қияр бағасы 25,4%-і, қызанақ 25,1%, тәтті бұрыш 8,3%, сарымсақ 3,1%, мандарин 2,6%, қызылша 2% төмендеді. Сондай-ақ күнбағыс майы мен консервіленген жүгері бағасы 0,4% арзандады.