1 маусым-халықаралық балаларды қорғау күні!

Бас прокуратура жас қазақстандықтарды қорғау мен қолдау үшін атқарып жатқан жұмыстарын жіпке тізді. Прокурорлардың келтірген мәліметіне сүйенсек, жыл сайын бір миллионнан астам баланың құқығы қорғалады. Елімізде мыңнан астам жетім бала тұрғын үймен қамтылған. Баспана кезегінен шығып қалған 1300 бала қайта кезекте тұрыпты.

– Қауіпсіз оқу ортасын қалыптастыру мақсатында 17 мың білім беру ұйымы тексерілді. Балалардың физикалық және ақпараттық қауіпсіздігі, санитарлық-гигиеналық жағдайы, сондай-ақ қаржылық тәртіп саласындағы көптеген бұзушылықтар жойылды. Қабылданған шаралармен 63 мектеп бойынша мәселелер шешіліп 31 мың бала үшін қолайлы жағдай жасалды, – деп хабарлады бас прокуратура.

Жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Балалар лагерлері қызметін міндетті лицензиялау енгізілді. Бұл шара демалысты ұйымдастыру сапасы мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында 207 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, соның ішінде сегіз миллиардтан астам сомада ұрлық фактілері бойынша. Жалпы 12 мыңнан астам адам әртүрлі жауаптылыққа.

Балалардың асырап-бағу құқығын қорғау бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Алимент бойынша 40 миллиард теңге берешек өтелді, ал жалпы борыштың көлемі соңғы жеті жылда 87% азайды.