Ақтауда емхана ғимаратында былапыт сөздер айтып, өзгенің ар-намысына тиген тұрғын жауапқа тартылды. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға №2 емхананың қабырғасында болған.

Сотта заң бұзған адамның кінәсі оқиға орнында түсірілген бейнежазбамен толық дәлелденіпті.

Соттың қаулысымен медициналық мекемеде өзгенің ар-намысына тиген тұрғын Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434 бабының бірінші бөлігімен кінәлі деп танылды. Ол 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жазаны арқалады. Енді бейәдеп сөз айтқан адам 86 мың 500 теңгені төлейді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ