Ақтауда робот иттер қоғам тыныштығын күзетеді. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлайды. Роботтар қоғамдық орындарды патрульдеп, жедел жағдайды бақылауға алып, құқық бұзушылықтың алдын алмақ.

Олар замануи бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Бейнежазба жедел басқару орталығына жедел жетпек.

Робот иттер күмәнді заттарды анықтап, түтін шығу және өрт белгілерін тіркеуге, тиісті дабыл сигналдарын автоматты түрде төтенше қызметтерге жолдауға мүмкіндік береді.

Осындай робот иттер Астана мен Алматы қаласында енгізілген. Келешекте роботтарды арнайы операция мен терриоризмге қарсы іс-шараларда қолдану жоспарланып отыр.