Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңге болмақ. Бұл туралы президент Қазақстан халқына арналған жолдауында айтты. Ол ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Жаңашылдық 2027 жылдың бірінші қаңтарынан бастап іске асырылмақ.
— Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді, – деп хабарлады мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, жаңа жолдауда президент: «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән береміз,» деп айтты. Ол жалпы практикалық дәрігерлердің өкілетін кеңейтіп, осы жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңмен өсіруге мүмкіндік береді.
— Үкіметке келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді, – деп хабарлады Қасым-Жомарт Тоқаев.
Естеріңізге, сала кетейік, президент Қасымм-Жомарт Тоқаев 2027 жылды "Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс" жылы деп жариялады. Ол инфрқұрылымды дамытуды тапсырды. Ел аумағында тұрғын үй, білім беру, медицина, мәдениет және спорт нысандарын салып, жөндеуді тапсырды.