Мұнайлы ауданында перзентіне алимент төлеуден жалтарып жүргендерден 37 миллион теңге өндірілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы прокуратурасы хабарлайды. Прокурорлар ауданда алимент өндіруге білек сыбана кіріскен. Нәтижесінде 22 борышкер әкімшілік, үш адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында бауыр еті баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген 13 тұрғын сотталды. Прокурорлар 250 миллион теңгені өндірген еді. Осылайша, 600-ге жуық балақайдың борышы өтелген. Тіпті бір борышкер алимент қарызын өтеудің орнына, бәс тігіп, төрт миллион теңгесін ойынға салып жібергені де анықталды. Ойынқұмар борышкердің үстінен қылмыстық іс қозғалғанда, ол алимент қарызын түгел төлепті.