• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Марқұм Ұлдананың анасы күйеу баласының тойынан кейін өзін жәбірленуші деп тануды сұрайды

Басына кондиционер түсіп, жұмыс бабында қайтыс болған 23 жасар Ұлдананың жолдасы араға сегіз ай салып үйленді.
Марқұм Ұлдананың анасы күйеу баласының тойынан кейін өзін жәбірленуші деп тануды сұрайды
Фото видеодан стоп кадр

Адамдарға медициналық көмек көрсетемін деп жан тапсырған фельдшер Ұлдана Мырзуанның жолдасы сегіз айдан соң шаңырақ көтерді. Әлеуметтік желіде тойдың видеосы тез таралды. Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі - Ұлдананың өлімінен соң бір жылды неге күтпеді деп ер адамды айыптаса, енді бірі- өмір жалғасып жатыр деген пікірді жазып жатыр.

Марқұм Ұлдананың анасы да болған жайттан кейін желіге шығып, болған жайт жайлы пікірін білдірді.

Главный баннер

- Көпшіліктің сұрауы бойынша алдарыңызға шығып отырмын. Әділеттің бүгінгі іс-әрекеті бойынша «Алдарыңыздан өтті ма?» деп жатыр. Жоқ, алдымыздан өткен жоқ. Ата-анасы да, үлкендері де алдымыздан өткен жоқ. Қызымның тергеуі болып жатыр. Әділет жәбірленуші деп танылған. Жәбірленуші ретінде бас тартқанын қалаймын. Және көпшіліктің сұрауы бойынша қызымның өзінің маңдай терімен алған көлігі болатын және атындағы 17 жасынан жинақталған зейнетақы қорында ақшасы болатын. Заң талабына сәйкес зейнетқордағы ақшасы Әділетке берілді. Машинасы ата-анасына қалдырылды. 22 шілдеден бастап біздің өзіміздің атымызға аударылды. Осы уақытқа дейін 18 қарашадан кешегі шілденің 22-сіне дейін бұл машина Әділетте болды. Анасы ретінде қызымның заңды мүдделерін өз ниетімді білдіремін, - деп мәлімдеді марқұм Ұлдананың Салима Ершанқұлқызы.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 18 қарашасында Ұлдана Мырзуанның басына кондиционер құлап, ауыр жарақат алды. Оқиға Астана қаласында болды. Марқұм ғимараттың қасбеті құлап, жарақат алған жандарға көмектесемін деп өзі жарақаттанып қалды.

 

Главный баннер --> after article