7 часов назад

Мессенджердегі алаяқтардан қалай қорғануға болады?

Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі алаяқтардан қорғануға арналған кеңестерді жіпке тізді.

Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі алаяқтардан қорғануға арналған кеңестерді жіпке тізді.
Фото: pexels.com

Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агентігі мессенджердегі алаяқтардан қалай қорғану керектігін баяндады. Қазіргі таңда түрлі әлеуметтік желідегі парақша мен азаматтардың мессенждерлері алаяқтардың арбап, азаматтардың сеніміне кіріп, жеке басының деректері мен ақшасын ұрлауға мүмкіндік береді. 

Интернет алаяқтары көп жағдайда өздерін банк қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері, туыстар немесе таныстар ретінде таныстырады. Алаяқтар фишингтік сілтемелер таратады, видео көру арқылы «тиімді» қосымша табыс ұсынып, зиянды файлдар жібереді және құпия мәліметтерді алу үшін жалған чаттар құрады.

Олардың құрығына түскен жандар бар тапқан таянғанын қылмыскерлерге санап беріп, түрлі шоттарға қаржы аударып, жетпегін несие рәсімдеу арқылы толтырады. Ақшаны алған бойда алаяқтар табанын жалтыратып, уәде еткен жұмысын атқармай, жоғалады.

Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі алаяқтардың құрығына түспес үшін мына ережелері ұстануға шақырады. Ешқашан интернеттен қосымша жұмыс, тауарлар немесе қызметтер үшін «кепіл» ретінде ақша жібермеңіз. Күдікті сілтеме бойынша өтпеңіз. Тіпті олар «таныс адамнан» келсе де, оның аккаунты бұзылған болуы мүмкін. Мессенджерге қосылған құрылғылардың тізімін үнемі тексеріп отырыңыз. 

Қосымша құрылғы немесе сеанстардан, интернет-кафе сияқты үшінші тарап құрылғыларындағы аккаунттардан үнемі шығып отырыңыз. Екі факторлы аутентификация мен күрделі құпия сөздерді қолданыңыз. SMS кодтары мен құпия сөздерді бөгде адамдарға, тіпті олар өздерін банктің немесе мемлекеттік органдардың қызметкері ретінде таныстырса да айтпаңыз.

Егер интернет алаяқтарының құрбаны болсаңыз, міндетті түрде полицияға шағымданыңыз. 

Фото: pexels.com

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp