• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • € 570,48 ₸
  • ₽ 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Мұсылман мазары қандай болуы керек?

Зират басына алып сарай тұрғызуға болады ма? Бұған қатысты имамдардың пікірі қандай?
Мұсылман мазары қандай болуы керек?
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Адамдар бір-бірімен бәсекелестікті жақсы көреді. Дүние, атақ пен ақша үшін жарысады. Кейде жұрттың мақтағаны мен сырт көзге жақсы көруі үшін қарыздың қамытына арқалап, жарысады. Өзгеден басып озамын деген бәсекелестікті зират басына барғанда аңғарасыз. Жақынынан айырылған жандар кейде мазардың орнына сарай салуға әуес болады. Марқұмның бейітінде дуалы биік, қабырғасы қалың ғимарат тұрғызады. Құлпытасында адамның бойымен бірдей портретті көріп, сағынышын басатындай. Мұсылмандарға зират басына хан сарайын соғуға болады ма? Қоршау мен белгінің шын мәніндегі мәні неде? Маңызды сауалға «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы Бағдат Шақаев жауап берді.

– Бізде Муфтиятта «Қамқор, шарапат» деген бөлім бар. Сол бөлімде зираттың қандай болуы керектігі стандартпен бекітілген. Ол жерде де адамға ысырапшылдыққа жол бермеу керек. Пәленбай миллиондап, шетелден Дағыстаннан басқа жерден тас әкеліп, соны абырой тұтып, зиратты үлкен жасайды. Өмірден өткеннен кейін құрмет көрсетіп жатады. Негізінен сол құрмет адамның көзі тірісінде жасалуы керек. Өмірден өткен адамға сауап бермейтін амал ғой. Бұл ысырапшылдық болып есептеледі. Қабірді қоршаудың мақсаты мал тапамасын, дейді. Қоршаудың басына кішкентай белгі қойылады. Құлпытастың мақсаты қабірде жатқан марқұмның кім екенін білу үшін жазылады. Құлпытасқа Шариғат бойынша фотосурет қойылмайды. Біздерде бәсекесі бар, басқасы бар, адам байлығын көрсеткісі келеді. Сондықтан мазарды үлкен қылып салып жатады. Бұл дұрыс емес. Зираттың құрылысына қыруар ақша жұмсағаннан, марқұмның атынан көпбалалы ата-ана бар, үй ала алмай жүрген мұқтаж жандарға үй алып беріңіз. Әлгі адамның қаншама сауабын аласыз. Қабірді шағындап қылып салып, қалған ақшасын сауатты іске жұмсаса жақсы болар еді, – деді Бағдат Шақаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Мой город» ақпарат агенттігінің сайты мен әлеуметтік желідегі парақшасында садақа дастарханына қойылатын талап пен қарызы бар адамның жаназасы шығарылады ма деген сауалға қатысты Батыс Қазақстан облысы «Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы Бағдат Шақаев жауап берді. Наиб имам қаралы жиында ысырапшылдыққа салынбауды ескертті. Ол қаралы жиынға арналған дастархан мәзіріне тоқталып өтті. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы садақа қойылатын тағамдардың тізімін бекітті. Осы тізімде 13 тағам бар. Имамдар ұсынылған тағамдарды қойып, артық шығын мен артық астан тыйылуға шақырады. 
«Ар-Рахман» мешітінің наиб имамы көпті толғандырып жүрген сауалға да жан-жақты тоқталды. Ол қарызы бар адам дүниеден озса, оның қарызын туған-туыстары, ағайын-бауыры немесе достары мойынына алып, бережағын қайтарады деп айтты. Ал марқұмның алажағы болса, оны да белгілі бір адамға табыстайтынын атап өтті.