• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Орал мектептері BilimClass платформасына көшті

Бұрын шаһар мектептері Kundelik.kz электрондық күнделік жүйесі бойынша жұмыс істеді.
Орал мектептері BilimClass платформасына көшті
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Жаңа оқу жылынан бастап Орал қаласының барлық мектебі BilimClass платформасына көшті. Бұл туралы Орал қаласының білім беру бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұрын білім беру мекемелері Kundelik.kz электрондық күнделікпен жұмыстанды.

 — Қазіргі таңда қаладағы 54 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп және жекеменшік мектептер BilimClass платформасымен жұмыс істейді. Осылайша, қала мектептерінде электрондық журнал мен күнделік жүргізу бірыңғай BilimClass жүйесі арқылы жүзеге асырылуда, – деп хабарлады Орал қаласы білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.

Главный баннер

BilimClass – қазақстандық цифрлық білім беру платформасы. Жүйе электрондық журнал мен күнделікті жүргізуге, оқушылардың үлгерімін бақылауға, үй тапсырмаларын орналастыруға және білім беру процесіне қажетті цифрлық ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді.

 — BilimClass платформасына көшудің негізгі себептері – білім беру процесін цифрландыруды жетілдіру, педагогтер мен оқушыларға қажетті сервистерді бір ортаға біріктіру, платформаны тегін пайдалану мүмкіндігі, сондай-ақ пайдаланушылардың деректерінің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ету, – деп хабарлады Орал қаласының білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен оқу жылында шаһар мектептері Kundelik.kz  электронды күнделік бағдарламасынан BilimClass платформасына көшкен еді. Бірақ араға біраз уақыт салып, оралдық оқу ордалары Kundelik.kz -те қызметін қайта жалғастырды. Сол кезде оралдық ата-аналар BilimClass платформасын қимай, біраз көңілі толмаған еді.

BilimClass платформасы мектептерге 2024 жылдан бастап енгізіле бастады.

Главный баннер --> after article