Оралда 454 448 м³ қар шығарылған
Орал қаласында су тасқынының алдын алуға үшін қар шығарылып, су сору жұмыстары атқарылуда.

Күні бүгінге дейін облыс орталығында қар шығару үшін 248 техника мен 349 адам жұмылдырылған. Күні бүгінге дейін 454 448 куб ақ ұлпа арнайы полигонға шығарылыпты. Қала көшелерінен 17288 метр куб су сорылған. 16 көшеде 6000 шақырымға жуық арық тазаланыпты. Сала мамандарының келтірген дерегіне сүйенсек, шаһарда коммуналдықтар 62 көшені тазаланған.
Жедел желіге 81 өтініш келіп түсіпті. Су тасқынына қарсы жұмыс тәулік бойы жалғасады. Қатер төнген тұрғындар төтенше қызметке немесе тасқынның алдын алуға арналған жедел штабтың call-орталығы 7-778-579-18-00 немесе 8-7112-50-02-55 нөміріне хабарласып, өтініш қалдыра алады.