08 марта в 06:00

Оралда арықтарды қардан тазартып жатыр

Орал қаласында 150 шақырымнан астам арық жүйесі қардан тазартылып жатыр.

Орал қаласында 150 шақырымнан астам арық жүйесі қардан тазартылып жатыр.
Орал қаласы әкімдігінің фотосы

Облыс орталығында көктемгі су тасқынының алдын алу үшін арықтар қардан тазартылып жатыр. Бүгінгі таңда Орал қаласында 150 шақырымнан астам арық жүйесі бар. Коммуналдық мекеменің күшімен арықтардың басым көпшілігі тазартылыпты. Сала мамандары бұл бағыттағаы жұмыс жалғаса беретінін айтады.  Қалаға қарасты кенттерде де арық аршу жұмыстары қолға алынған.

 Қыс басталғалы бері шаһардан 270 мың текше метр ақ ұлпа шығарылды. Қазіргі таңда қар шығару жұмыстарына күнделікті 300-ге жуық техника жұмылдырылған.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp