Оралда сегізінші шілдеде алаяқтарға жәрдескен дроппер сотталды. Облыстық прокуратураның таратқан ақпарына сүйенсек, сотталушы банк шотын ашып, алаяқтарға түскен қаражаттан өзіне тиесілі үлесін алып, қомақты қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып келген.
Сотта дропперлікпен айналысқан адам кінәсін толық мойындапты. Судья сотталушыны Қылмыстық кодекстің 232-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп тауып, оған 78 640 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасын тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енбепті.
- Банк карталарыңызды, банк шоттарыңызды, электрондық әмияндарыңызды, логиндеріңізді, құпия сөздеріңізді және өзгеде төлем деректемелеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіздер. Есіңізде болсын, "оңай табыс табу" туралы ұсыныс сізді қылмыстық жауаптылыққа алып келуі мүмкін, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы.