Оралда кезекші халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгерді
Оралда кезекші халыққа қызмет көрсету орталығының өзгерген мекенжайы хабарланды.

2025 жылдың 1 сәуірінен бастап Орал қаласында кезекші халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгерді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады. 1 сәуірден бастап Жамбыл көшесі, 81/2 мекенжайында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығы таңғы 9:00 кешкі 20:00 дейін жұмыс істейді. Сенбі күні 9:00-ден 13:00 дейін азаматтарды қабылдауға дайын.
Исатай-Махамбет көшесі, 84 мекенжайында орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығы қалыпты жұмыс режиміне көшпек. Орталық 9:00-ден кешкі 18.00-ге дейін тұрғындарды қабылдайды.
Сала мамандары Жәңгір хан көшесі, 160 мекенжайында орналасқан кезекші мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы мен жұмыс кестесі өзгеріссіз қалатынын хабарлады. Ол түскі үзіліссіз дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9:00-ден 20.00 дейін, сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.