21 апреля в 15:01

Оралда кітап жәрмеңкесі өтті

Орал қаласының Дина Нұрпейісова көшесінде кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Орал қаласының Дина Нұрпейісова көшесінде кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Автордың фотосы

Орал қаласында кітап жәрмеңкесі мен көрме ұйымдастырылды. Іс-шара Ұлттық кітап күні қарсаңында өтті. Оған қала тұрғындары, студенттер, кітапханашылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Дүкендер оқырман қауымға түрлі жанрда жазылған туындыларды ұсынды. Дүкендерден бөлек, облыс орталығында жұмыс істейтін кітапханалар да кітап көрмесін қала тұрғындарына көрсетті.

— Біздің облысымызда 360-қа жуық кітапхана бар. Кітапханашылардың қарқынды, қажырлы еңбегінің арқасында «Оқитын ұлт» жобасы аясында көптеген шаралар өтіп жатыр.  Өздеріңіз білесіздер, «Қазақстан халқына» қоры арқылы былтырдан бері біздерде 25 кітапхана модернизациясы өтіп жатыр. Бүгінде оның аяқталуы жақын. Ертең амандық болса, Қаратөбе мен Сырым ауданында осы модернизациядан өткен кітапханамыз ашылады. Ай соңына шейін бүкіл ауданда амандық болса, толықтай аяқтаймыз деген жоспарымыз бар. Бұл жұмыстар осымен тоқтап қалмайды. Біз кітапханаларымызды модернизациядан өткізу арқылы қазіргі замануи үлгідегі жабдықтарды әкеле отырып, қазіргі жастарымызға, бүлдіршіндерімізге кітап оқудың жаңа моделін, жаңа бағытын айқындап, соларға беру жоспарымыз да бар. Бүгінгі шарамыз құтты болсын! Орал қаласының тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге шақырамыз. Осы жәрмеңкеде жергілікті ақын-жазушылардың жаңадан шыққан кітаптары, мемлекеттік бағдарламалармен жарық көрген кітаптар және жергілікті баспа өнімдерін шығарушылардың өнімдері көрсетілген, — деді Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек Мұханғалиев.

Қазақстандықтар алғаш рет 23 сәуірде Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Сол себепті ел аумағында апталықтар мен челледждер ұйымдастырылып жатыр. 


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp