Оралда құтқарушылар Жайық өзенінде суға батып бара жатқан қыз баланы құтқарыпты. Облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға 26 шілдеде "Металлист" ауданында жабдықталмаған жағажайда болған. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары өзенде қауіпке тап болған тұрғынды құтқарып, аман-есен қауіпсіз жерге шығарған. Оның арқасында 2-курстың студенті дін аман, оның денсаулығына төнген қауіп жоқ.
Құтқарушылар суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.