• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда өрт сөндірушілер тілсіз жау шарпыған ғимараттан 4 баллонды алып шықты

Желаев өнеркәсіптік аймағында орналасқан ағаш өңдау цехының шатыры қызыл жалынға оранды.
Оралда өрт сөндірушілер тілсіз жау шарпыған ғимараттан 4 баллонды алып шықты
112KZ телеграм арнасының фотосы

Оралда Желаев өнеркәсіп аймағында орналасқан ағаш өңдеу цехының шатыры өртке оранды. Қызыл жалын туралы хабарлама 112 пультіне 24-ші шілдеде таңғы сағат 05.05-те келіп түскен. Тілсіз жау 400 шаршы метрге таралған.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар үш оттегі және бір газ баллонын алып шығыпты. Бұл жарылыстың алдын алып, тілсіз жауды ауыздықта көп көмегін тигізген. Сондай-ақ өрт сөндірушілер қызыл жалын тұтанған аймақтан тұрған жеңіл көлікті де қауіпсіз жерге шығарыпты.

Главный баннер

- Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт толықтай сөндірілді, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өндіріс ошағында тұтанған тілсіз жаудан зардап шеккендер тіркелмеген. Қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамның 52 қызметкері мен 21 бірлік техника жұмылдырыпты.

Главный баннер --> after article