• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Островский театрының жаңа маусымы қашан ашылады?

2026 жылдың мамыр айында театр ұжымы жөндеу көрген ғимаратына көшті.
Островский театрының жаңа маусымы қашан ашылады?
Автордың фотосы

Островский театрының жаңа маусымы қашан ашылады? Осы сауал театр сүйер көрерменді толғандырады. Өнер сүйер қауымның сауалын театр директорына жолдадық. Мәдениет ошағының басшысы Марат Қалиев жаңа маусым қазанның басында басталуы мүмкін деп хабарлады. Бірақ нақты датасын дөп басып айтпады. Қазіргі таңда театрдың шығармашылық тобы аудандарға іс-сапарға шығыпты. Актерлар қаладан шалғай тұратын көрерменін қуантуда.

Островский театры жаңа маусымда үш бірдей премьерімен көрерменді қуантпақ. Өнер ұжымы жаңа қойылымдардың дайындығына кіріскен. Туындылардың сценарийін жаздыртып, декарацияны түгендеп жатыр.

Главный баннер

 — Театр жаңа ғимаратын ашқасын 2-3 премьера дайындап жатырмыз. Біріншісі классика –Грибоедовтың «Горе от ума» шығармасы мен Шоқан Уәлиханов жайлы спектакль қоямыз. Бізге көмектесетін мамандар Мәскеуден, ГИТИС-тен келе жатыр. Сонымен қатар камералық оскестрмен бірігіп Муслим Магомоев туралы музыкалық спекталь дайындап жатырмыз. Осы қойылымға ГИТИС-тің студенттері сценарий жазып жатыр, Алматылық композитор арнайы аранжеровкасын жасауда. Премьералар биыл қазан, қараша айында болады деген жоспар бар, -дейді Марат Қалиев.

Островский театры 2025 жылдың ақпанында күрделі жөндеуге жабылды. Театрды «Қазқайтажаңғырту» мекемесі жөндеді. Жөндеу жұмыстары үшін қазынадан 593 миллион теңге жұмсалды. Жөндеу кезінде театр ұжымы "Халық шығармашылығы орталығы" ғимаратында жұмыс істеді.

 — Тарихи ескерткіш болғасын Алматы, Түркістаннан реставраторлар келді. Дыбыс беру аппаратурасы жаңадан алынды. Лед-экран қойылды. Жарық беру аппаратурасы түгел ауысты. Қазір құралдардың барлығы цифрлы форматта. Театр ғимараты былтыр ақпан айында жабылды. Биыл мамыр айында көштік, – деді театр директоры.

Островский театры – елімізде көне театрларының бірі. Оның тарихы 1859 жылдан бастау алады. Биыл өнер ұжымы 168-шы театр маусымын бастамақ.

Қазіргі таңда Островский драма театрының шығармашылық тобында 33 актер еңбек етеді. Биыл театр актерларының бірі  Самарада сырттай оқуға түсіп, кейбірі ГИТИС-тен біліктілігін арттыру курстарына қатысқан.

Өнер ордасының басшы келер жылы театрға режиссерлер шақырып, актерлар үшін шеберлік сыныптарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жаңа режиссерлер өзінің қолтаңбасын қалдырып, көрерменге жаңа дүние ұсынады деп күтілуде.

 

Фотогалерея
1 фото
Фотогалерея
1 фото
Фотогалерея
1 фото
Фотогалерея
1 фото
Главный баннер --> after article