Қазақстанда 23 жасөспірім есірткі таратты деп күдікке ілінді
Ішкі істер министрлігі 2025 жылдың үш айында 23 жасөспірім есірткі таратты деп күдікке ілінді, деп хабарлайды.

Ел аумағында биылғы жылдың үш айында тыйым салынған заттарды сақтауға және тартуға қатысы бар деген күдікпен 23 жасөспірім қолға түскен. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады. Ұсталғандардың дені колледждердің бірінші курс студенттері мен 9-11 сыныптың оқушылары екен. Тәртіп сақшылары осыған байланысты үндеу жариялады.
— Естеріңізге сала кетейік, заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 және 297 баптарына сәйкес есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Бұдан басқа, Қылмыстық кодекстің 299-1-бабында есірткіні, оның ішінде интернет және әлеуметтік желілер арқылы насихаттау мен жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Құрметті ата-аналар! Сіздерді балаларыңыздың ортасына және олардың бос уақытында не істейтініне ерекше назар аударуға шақырамыз, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.