Елімізде қазақ тілінен білімін сынап, тест тапсырғысы келетіндер үшін «Қазтест» емтиханы 21 маусымда ұйымдастырылады. Ұлттық тестілеу орталығы сынақ тапсыруға өтініш беру 12-19 маусым аралығында қабылданатынын мәлімдеді. Өтінімдер app.testcenter.kz сайтында қабылданады:

Әуелі сайтта тіркеліңіз. Кейін «Өтініш беру» деген батырманы басып, «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ» таңдаңыз.

Білім сынағы Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Өскемен, Орал, Петропавл, Павлодар, Семей, Тараз, Талдықорған, Түркістан қаласында өтеді.

«Қазтест» тестілеуі төрт блоктан тұрады.

  • Тыңдалым – 20 тест тапсырмасы (20 минут);

  • Оқылым – 40 тест тапсырмасы (50 минут);

  • Жазылым – 2 тапсырма (50 минут);

  • Айтылым – 2 тапсырма (7 минут).

Сертификат алу үшін тестіленуші әрбір блок бойынша қажетті шекті балды жинауы тиіс. Жазылым және Айтылым блоктары бойынша тестілеудің нәтижелері тестілеу аяқталған күннен кейін 15 жұмыс күні ішінде app.testcenter.kz сайтындағы тестіленушінің жеке кабинетінде жарияланады

Тестілеуге қатысу құны 7 121 теңгені құрайды.

Қазтест сынағы 14 наурызда өтеді