Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі шілде айында атқарған жұмысын жіпке тізді. Ведомство өкілдері таратқан ақпаратқа сүйенсек, шекара шебінде бес мыңға жуық ата заңның талаптарын аяққа басқандарды ұстапты. Заң бұзғандардың 4 346 шетел азаматы екені белгілі болды.
Сала мамандары шілдеде шекара шебінен заңсыз заттарды алып өтпек болғандардың жолын кесті. Заңсыз тауардың құны 3,9 миллиард теңгені құрапты. 2976 деректің алдын алған. Есірткі заттарын алып өтпек болған 88 дерек бар. Қару мен оқу-дәрінің -88 фактісі тіркелген. Қаскөйлер 108 дана суық қару мен 2131 дана оқ-дәріні алып өтпек болған.
33,4миллион теңгені құрайтын көлемі 150 тоннадан асатын жағармайды алып өтпек болған қолға түсті. Заң бұзған 1808 дерек тіркеліпті.
1,3 миллиард теңгеге халық тұтынатын тауарлар мен 2,1 миллиард теңгені құрайтын шетел валютасының алып өтпек болғандар құрықталды. Шетел валютасын 149 рет алып өтпек болыпты.
—Каспий акваториясында браконьерлікпен айналысудың 34 фактісінің алды алынды, 24,6 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 103 дана бекіре тұқымдас балық (580 кг) тәркіленді. Алдын алған шығын сомасы 251 миллион теңгеден астамды құрады. Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 63 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ 38 миллион теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 4 295 әкімшілік іс өндірісте. Қалған фактілер бойынша материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді, – деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі.