18 марта в 12:00

Ұлттық киім — ұлттық мұра

18 наурыз — Ұлттық киім күні.

Ұлттық киім — ұлттық мұра
Автордың фотосы

«Наурызнама» онкүндігі аясында 18 наурыз  — Ұлттық киім күні болып белгіленді. Ұлттық мұраны ұлықтау үшін Орал қаласында түрлі іс-шаралар өтті. Соның бірі — Салтанат сарайында ұйымдастырылды. Облыс орталығында «Ұлттық киім-ұлттық мұра» атты сән көрсетілімі өтті. Іс-шарада ұлттық киімнің алуан түрі көрсетілді. Мерекелік жиында  ақ жаулықты әжелер немерелерімен, көпбалалы жанұялар балаларымен замануи киімдерімен көзайым болды.

Сән көрсетілімінде ұлттық киімдер мен түрлі әшекейлер қойылған көрмеде жасақталды. Ұлттық киімін киіп келген оралдықтардың қарасы қалың. Оларға жергілікті күміс көмей әншілер әннен шашу шашып, бишілер мың бұрала билеп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сән көрсетілімінде оралдық дизайнер Меңдібек Нұрғалиевпен тілдестік. Дизайнер замануи киімдерге ұлттық ою-өрнекті үйлестіріп, заман талабына сай тігеді. Ол жылдан жылға сұраныстың артып келе жатырғанын айтады.

— Бүгінгі таңда біздің халықтың этникалық киімге деген қызығушылығы артты. Оның бірнеше аспектісі бар. Этника мода сән жағынан да емес. Ұлт ретінде бұл жүрегіміздегі - рухымыз,біздің сана-сезіміміз. Бүгінгі таңда осы дүние артып келе жатқаны көңілге қуаныш сыйлайды. Біздер ұлттық нақыштағы замануи киімдер тігеміз. Себебі қазіргі таңда камзолды күнде кие алмайсың. Тақияны алатын болсақ, тек бір ай ғана киесің. Күнделікті жастар не киеді? Олар «свитшот», жейде, «бомбер» киеді. Біздер сол себепті замануи киімдер тігеміз. Киімге аз болса ою, арнайы жазу, ұлттық пішіні бар, философиясы бар, ұлттық коды саламыз. Заманиу киімдерге деген сұраныс көп. Ол жыл санап артып келеді. Өзге ұлт өкілдері де қызығушылық танытады. Киімдерімізді Америка, Еуропа елдеріне, Англия, Германияға жиі-жиі жібердік. Ресей халқы да өнімді көп тұтынады, - дейді дизайнер Меңдібек Нұрғалиев.

2021 жылы Қазақстанда «Наурызнама» онкүндігі бекітілді. 19 наурыз «Жаңару» күні болып белгіленді.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp