• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Үш айда Қазақстанда алкогольсіз сусындардың өндірісі 28 пайызға артқан

Ұлттық статистика бюросы ел аумағында өндірілген алкогольсіз сусын мен минералды сусындырдың өндірісіне тоқталды.
Үш айда Қазақстанда алкогольсіз сусындардың өндірісі 28 пайызға артқан
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

2026 жылдың үш айында ел аумағында өндірілген алкогольсіз және минералды сусын 1,1 миллиард литр өндірілген. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 28 пайызға көп. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

– Аталған кезеңде өнім экспорты 15,8% төмендеп, шетелге 77,6 миллион литр минералды су мен алкогольсіз сусын жөнелтілді. Сонымен қатар, осы өнім түрі бойынша импорт көлемі 34,2% өсті. Есепті кезеңде елімізге 105,2 миллион литрден астам өнім жеткізілді. Импорттық сусындардың үлесі 9,5% құрады, – деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Үш айда ел аумағында сатылған сусындардың саны 33,9 пайызға артқан. Жалпы Қазақстанда алкогольсіз сусындарды өндірумен 132 кәсіпорын айналысады.

Главный баннер --> after article