Бірінші қазаннан бастап Қазақстанның ұлттық әуе компаниясы Дубайға қатынамақ. Бұл туралы Air Astana компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Бірінші қазаннан бастап Алматы-Дубай-Алматы бағытындағы рейске қосылады. Ал екінші қазаннан бастап Астана-Дубай-Астана бағыты бойынша рейс ашылмақ. Компания өкілдері әуе рейстерінің санын біртіндеп арттыруды жоспарлап отыр.
Алғашында Алматыдан ұшатын рейстердің саны аптасына төрт рет ұшып-қонбақ. Кейін олардың саны 12-ге дейін көбейту жоспарланып отыр. Ал елодадан аптасына үш рет ұшпақ. Кейін олардың санын онға дейін көбейтуді жоспарланыпты.
Бірақ ұлттық компанияның баспасөз қызметі егер Таяу Шығыстағы жағдай шиенісі түссе, ұшу кестесін өзгертіп, жолаушыларға хабарлайды.