• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Air Astana 31 мамырға дейін Дубайға ұшпайды

Таяу Шығыста жағдай ушығуына байланысты қазақстандық әуе компания рейстерді уақытша тоқтатуын 31 мамырға дейін ұзартты.
Air Astana 31 мамырға дейін Дубайға ұшпайды
Air Astana компаниясының фотосы

Таяу Шығыстағы ушыққан жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы шектеуді 31 мамырға дейін ұзартты. Осылайша әуе компаниясына тиесілі рейстер межелі уақытқа дейін Дубайға ұшпайды. Компания орылдалмаған рейс жолаушыларына әуе билеттерінің толық құнын қайтарып бермек. Немесе сол қызмет көрсету класында 31 шілдеге дейін ұшатын рейске тегін брондауды ұсынып отыр.

-Тариф пен әуежай алымдарындағы айырманы төлеу арқылы ұшу мерзімі 31 шілдеге дейін Air Astana рейстеріне бағытты тегін өзгерту мүмкіндігі қарастырылған. Егер билет бұрын айыппұл ұсталып қайта брондалған болса, ұсталған сома қайтарылмайды. Әуекомпания өңірдегі жағдайды жіті бақылап, қосымша өзгерістер болған жағдайда жолаушыларды хабардар етеді, -деп хабарлады Air Astana компаниясы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қазақстандық әуе компания Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Дубайға ұшатын рейстерді сәуірдің аяғына дейін тоқтатқан еді.

Главный баннер --> after article