26 мамырда Павлодарда жер сілкінді. Бұл туралы 112 телеграм каналы хабарлайды. Жер сілкінісі сағат 11.28-де тіркелген.

Оның ошағы Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 855 шақырымда, Павлодар облысының аумағында орналасқан,- деп төтенше жағдайлар министрлігі. Жер сілкінісінің есептік қарқындылығы екі баллды құрапты. Табиғаттың тосын сыйына байланысты Павлодар облысы аумағында төтенше жағдайлар департаментінің базасында жедел штаб құрылған.

Аймақта жер сілкінісінің кесірінен зардап шеккерлер мен қираған ғимарат жоқ деседі. Өңірде жедел желі ашылыпты. Тұрғындар 8 (7182) 20-11-12 нөміріне хабарласа алады. Қазіргі таңда азаматтардан өтініш келіп түспеген.