Ақтөбеде бәйге өтті
Ақтөбеде Жеңістің 80 жылдығына орай ұлттық бәйге жарысы ұйымдастырылды.

Ақтөбеде бәйге өтті. Спорттық жарыс Жеңістің 80 жылдығы мен қала күніне орай ұйымдастырылды. Дода Ақтөбе шаһарында соңғы төрт жылда алғаш рет өтті.
Дүбірлі сайысқа Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай облысынан келген шабандоздар қатысты. Бәйгеде 90-нан астам сәйгүлік шауып, көрермендердің көзайымы болды. Бәйгені тамашалауға келген меймандардың қарасы қалың болды. Бағы мен бабы қатар шапқан спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді.