Оралда волейболдан ашық турнир өтті

Оралда ұстаздар мен ата-аналар арасында волейболдан қайырымдылық сайысы ұйымдастырылды.

Оралда ұстаздар мен ата-аналар арасында волейболдан қайырымдылық сайысы ұйымдастырылды.
Автордың фотосы

Оралда 15 мамыр халықаралық отбасы күніне орай волейболдан ашық турнир өтті. Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің сарапшысы,қалалық «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегері, ұстаз Қайыржан Таубаев спорттық сайысты ұйымдастыруға мұрындық болды. Педагог салауатты өмір салтын насихаттауға арналған жарысты бірінші рет ұйымдастырыпты.

— Бірінші рет халықаралық отбасы күніне орай шарамызды ұйымдастырып жатырмыз. Қайырымдылықпен айналысып жүргенімізге біраз уақыт болды. Биыл мерейлі 50 жасыма толуыма байланысты жұмыстастарым, тілеулестерім, осы туған күнді салауатты өмір салтына бағыттап, ұйымдастырайық дегесін, осында келіп жатқан командалармен ақылдаса келіп, Орал қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жандар тәрбиелеп жатырған пара сурдо олимпиада мектебінің түлектеріне мен шәкірттеріне қайырымдылық жасағымыз келеді. Негізгі мақсатымыз осы. Әрбір ісімізді қайырымдылыққа бағыттап, мейірімділікке бағыттап, жалпы мерекеміздің отбасылық шеңберінде әрбір отбасында жақсылық болсын деген ниетте, - деді №22 жалпы орта білім беретін мектебі директорының орынбасары Қайыржан Таубаев.

Қайырымдылық турнирінде алты команда бақ сынады. Сайыстың шарты бойынша әрбір құрама ұстаздар мен ата-аналардан құралуы керек. Әрбір команда жіті іріктеуден өтіпті.

— Турнир ең жоғарғы деңгейде өтеді деп сенеміз. Себебі мықты командалар өнер көрсетеді. Мен №4 мектепте сабақ беремін. Біздің командамыз жақсы жасақталды. Біздер осы жылы мұғалімдер арасында қала чемпионатының волейболдан чемпионы атандық. Біздер команда болып екі жылдай үзбей дайындалып келеміз. Аптасына үш рет жаттығу жасаймыз. Құраманың сабында ата-аналармыз бар. Мұндай турнирлер ұстаздар мен ата-аналардың қатым-қатынасын жақсартуға өз септігін тигізеді, - дейді Расим Жұмағалиев.

Спорттық доданың жеңімпаздары алғыс хат, кубок пен медальдармен марапатталмақ. Жолдастық турнирді ұйымдастырған Марат Таубаев келешекте де адамгершілік пен мейірімді насихаттайтын, қайырымдылыққа арналған игі іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp