Оралда 20 қарашада екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы хабарлады.
Іс-шараға кез-келген жұмыс іздеп жүрген жандар қатыса алады. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі Мәншүк Мәметова 81 мекенжайында, сағат 11:00-ден түскі 13:00-ге дейін ұйымдастырылады.
Осымен шаһарда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жетінші мәрте өтпек. Осында 20-25 жұмыс беруші шамамен 150-ге жуық бос жұмыс орынын ұсынбақ.
Бұған дейін осындай іс-шара 30 қыркүйекте «Мансап» орталығында ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 30 жұмыс беруші, 160 бос жұмыс орынын ұсынған еді.