• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оралда Бауыржан Момышұлының бейнесі салынды

Оралда жаңа мурал салынды.
Оралда Бауыржан Момышұлының бейнесі салынды
Фото видеодан стоп кадр

Оралда батыр Бауыржан Момышұлының бейнесі көпқабатты үйдің қасбетіне бейнеленді. Жаңа мурал Жаңа Орда 2 мекенжайында салынды. Жаңа суретте батырдың тұлғасы мен оның «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген қанатты сөзі бейнеленген.

Бауыржан батырдың бейнесін суретші Дарья Полищук салған. Ол туындысын салу үшін 15 күндей уақыт жұмсапты. Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, муралды салуға «Шымкент жасыл қала» ЖШС демеуші болып, қолдау көрсеткен.

Главный баннер

Өткен жылы облыс орталығында он мурал салынған. Бейнелеген суреттердің тақырыбы әртүрлі. Отансүйгіштікке тәрбиелеу, салт-дәстүр, спортшы, әнші мен көрнекті тұлғалардың бейнесі салынды. Барлық муралдар демеуші есебінен бейнеленген.  

Главный баннер --> after article