• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақсайда көпқабатты үйдің құрылысы аяқталды

Тоғыз қабатты баспана "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынды.
Ақсайда көпқабатты үйдің құрылысы аяқталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Бүгінгі таңда Бөрлі ауданында 3138 адам баспана кезегінде тұр. "Отбасы банкі" таратқан ақпаратқа сүйенсек, кезекте тұрғандардың 103-і– жетім балалар, 216 адам көпбалалы отбасылар санатына жатады. Ал, 923 адам халықтың әлеуметтік осал тобы бойынша кезекке тұрған. 939 мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен 957 адам санатсыз болып кезекте тұр. Ауданда азаматтардың өз шаңырағында қоныс тойын тойлауы үшін баспаналар салынып, дайынын сатып алмақ.

Биыл Ақсай қаласында оныншы шағын ауданында жаңа көпқабатты тұрғын бой түзеді. Жаңа үй "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынды. Тоғыз қабатты баспана "Отбасы банкі" арқылы рәсімделіп, тұрғындарға тапсырылмақ. Бұл туралы Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. Ол ауданда  әлеуметтік осал топ өкілдеріне Ақсай шаһары мен Достық ауылынан жаңа 80 тұрғын үй сатып алу жоспарланғанын тілге тиек етті. Бастама "Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған" тұжырымдамасы аясында іске асып жатыр.

Главный баннер

Бұдан бөлек, Бөрлі ауданында жер кезегінде тұрған жандарға жыл соңында жер телімі берілмек. Аудан әкімі жер участокторын тұрғындарға тапсырмас бұрын су, көгілдір отын, электрмен жабдықтап, инженерлік желілерді тарту жұмыстары аяқталғанын хабарлады. Бөрлі ауылында 680 және Ақсай қаласында "Живой Массив-2"-де 800 жер телімі тұрғын үй салуға берілмек.

Бөрлі ауданы әкімдігінің таратқан ақпарына сүйенсек, күні бүгінге дейін 15 666 адам жер кезегінде тұр. Кезекте тұрғандардың басым көпшілігі Ақсай қаласында тіркелген. Тоғыз мыңнан астам ақсайлық шаһардан жер алғысы келеді. 1820 адам Аралталда, 2040 тұрғын Қызылталда, Ақсудан 75 адам, Жаңақоныста 89 тұрғын, Пугачевте 1333 адам, Бумакөлде- 49, Приуралда-54, Жарсуатта -62, Бөрлі ауылында- 1133 адам кезекте  тұр.  

Үйлердің құрылысынан бөлек, Бөрлі ауданында "Келешек мектептері" мен медициналық пунктер салынды. Ақсай шаһарында "Жастар" стадионының жөндеу жұмыстары аяқтала келді. Бұған қоса аудан орталығында "Қарашығанақ" мекемесінің қонақүйі қайта жаңғыртудан өтті. Тұрғындардың сапалы медициналық қызметпен қамту үшін аудандық аурухананың жанынан жапсарлас ғимараттардың құрылысы жүріп жатыр. Игі бастама "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" бағдарламасы аясында іске асуда. Жоба аясында аурухана ғимаратына инсульт және жүрек қан тамырларын қалпына келтіру орталығы, травматология және перинаталдық бөлімшелерді орналастыру қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Бөрлі ауданының әкімі Еркебұлан Ихсанов өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында бірінші қазанға дейін қысқа дайындықты пысықтайтынын хабарлады. 

Главный баннер --> after article