• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Батысқазақстандықтар 900 млн теңгеден астам қаржысын интернет алаяқтарына аударған

2026 жылдың сегіз айында интернет алаяқтығы бойынша 339 қылмыстық іс тіркелді.
Батысқазақстандықтар 900 млн теңгеден астам қаржысын интернет алаяқтарына аударған
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

2026 жылдың сегіз айында батысқазақстандықтар интернет алаяқтарына 900 миллион теңгеден астам қаражатын санап берген. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлайды. Сегіз айда өңірде 339 қылмыстық іс тіркеліпті. Былтыр өңірде интернет алаяқтығы бойынша 331 қылмыс тіркеліпті. Істердің қаншасы ашылып, қаншасы тергеліп жатырғаны беймәлім.Тергеудың аяқ-алысы мен қайтарылған қаражат туралы тәртіп сақшылары жақ ашпады.

Алаяқтар азаматтарға хабарласып, психологиялық қысым көрсетіп, сеніміне кіріп, тапқан-таянған қаражат сыпырып алады. Олар бұрынғыша банк, емхана, құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып хабарласады.

Главный баннер

Тәртіп сақшылары алаяқтардың құрығына түспес үшін сақтық шараларын сақтауды еске салады. Бөгде адамдардың телефон қоңырауына жауап бермеу, хабарласқан адамның ақпаратын ресми мекемелерде қайта ақпаратты тексеріп, эмоцияға бой алдырмауды сұрайды.

Полиция қызметкерлері оңай олжаға кенеліп, мол қаражат табамын деген жандарға да ескерту жасады. Қазіргі таңда интернет алаяқтарына көмектесіп, қаржыны аударуға жәрдемдескен жандар дроппер деп танылып, заң алдында жауапқа тартылады. Олар осы қылмысы үшін бас бостандығынан айырылады.

Главный баннер --> after article