• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да киіктің саны шамамен 2,7 млн-ға жетті

Орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы көктемгі санақтың нәтижесін жариялады.
БҚО-да киіктің саны шамамен 2,7 млн-ға жетті
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында киіктердің саны шамамен 2,7 миллионға жетті. Бұл туралы облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мәлімдеді. Осы жылдың сәуір айында Орал киік популяциясын әуе арқылы санады.

— Санақ жұмыстарына Қазақстан биоалуан түрлілігін сақтау қауымдастығының ғылыми қызметкерлері, облыстық аумақтық инспекция мамандары, «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері мен «Охотозоопром» ӨБ» РМК Батыс өңірлік филиалының инспекторы қатысты. Әуе санағы АН-2 әуе кемесінің көмегімен жүргізіліп, жалпы ұшу ұзақтығы 60 сағатты құрады. Авиациялық жұмыстарының базасы Казталовка ауданында орналастырылды, – деп хабарлады жауаты инспекция.

Әуе санағының нәтижесінде киіктердің саны шамамен 2,7 миллион басты құрағаны анықталыпты. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 17,4 пайызға көп.

Сала мамандары: «Авиациялық санақ жануарлардың нақты әрбір басын толық есептеу емес, ғылыми негізделген есептік бағалау әдісі»,– екенін атап өтті.

Главный баннер --> after article